Трамп: АҚШ-тың әскери кемелері енді ядролық қару алып жүреді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
АҚШ президенті флотты 25 кемеге жеткізеді / Фото: Shutterstock
АҚШ президенті флотты 25 кемеге жеткізеді / Фото: Shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа «алтын флот» құру жоспары туралы мәлімдеді. Ол бұл туралы Мар-а-Лаго резиденциясында сөйлеген сөзінде айтты.

Трамп жаңа класстағы кемелер гипердыбысты зымырандармен, лазерлік жүйелермен жабдықталатынын және алғаш рет ядролық оқтұмсық алып жүре алатынын, қанатты зымырандармен қаруланатынын айтты.

«Біз 1994 жылдан бері линкорлар жасамадық. Бұл озық кемелер қырып-жойғыш әскери кеменің бірі болмақ», – деді Дональд Трамп.

Fox News мәліметінше, Трамптың айтуы бойынша, кемелердің су ығыстырғыштығы 30 мыңнан 40 мың тоннаға дейін жетеді. Әскери-теңіз күштері алдымен екі кеме сатып алмақ. Сосын флотты 25 кемеге жеткізеді. Алғашқы екі кеме екі жыл ішінде жасалуға тиіс.

Дональд Трамп кемелер Қытайға қарсы бағытталған деген пікірлерді жоққа шығарды. Оның айтуынша, мақсат – «күш арқылы бейбітшілікке қол жеткізу».

АҚШ ішінде флоттың болашағына қатысты пікірталас жүріп жатыр. Онда кейбір сарапшылар қазіргі жағдайда ірі әрі осал кемелердің тиімділігіне күмән келтіреді.

Мұның алдында инвесторлар АҚШ-тың Венесуэлаға соғыс жариялауынан қауіптеніп отырғаны туралы ақпарат тарады.

Сондай-ақ оқыңыз