
Үкіметтегі баспасөз орталығында Қаржы министрі Мәди Такиев республикалық бюджет биыл қаншалықты игеріліп жатқаны жайлы сұраққа жауап берді.
Такиевтің айтуынша, биыл 30 млрд теңгеге жуық қаражат игерілмей қалуы мүмкін.
«Әзірге күтіп отырмыз. Өйткені жылдың аяқталуына әлі екі апта бар», – дейді Мәди Тәкиев.
Айта кетейік, бұған дейін елдегі 5 министрлік республикалық бюджеттен бөлінген қомақты қаржыны игермегені жайлы жазған едік. Қаржы министрлігінің дерегіне сәйкес, 5 атқарушы орган бөлінген 480,5 млрд теңгені игермеген.
2025 жылдың 11 айында республикалық бюджетке 19 трлн теңге кіріс түсіп, шығысы 22,7 трлн теңгені құраған.