Үкімет «Салық әмиянына» ұқсас тетікті іске қосады

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында 2026 жылы Бірыңғай жеке кабинетте жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған «Салық әмиянына» ұқсас тетік іске қосылатынын мәлімдеді.
Такиевтің айтуынша, салық төлеуші төлемдердің автоматты түрде шешілу түрін таңдайды немесе есептен шығару басымдықтарын реттей алады. Қосымша онлайн-көмекші – «Калькуляторы» іске қосылады. Ол сауалнама бойынша:
- оңтайлы ұйымдық-құқықтық нысанды,
- салық салудың қолайлы режимін,
- есептілік тізбесін,
- тапсыру және төлеу мерзімдерін,
- өз міндеттемелерін тіркеу мен орындаудың түсінікті бағытына бағдар береді.
«Салық қызметтерімен өзара байланысты жеңілдету және «түсінікті» ету үшін, ақпараттық жүйелерде жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, жеке цифрлық көмекшілер болатынын атап өту керек. Осылайша, салық органдары енді салық төлеуші үшін қатаң бақылаушы емес, жақтаушы болады», – дейді Тәкиев.
Айта кетейік, енді 2026 жылдан бастап елде жеке табыс салығын есептеу тәртібі өзгереді. Қазіргі қолданыстағы барлық азаматқа бірдей 10 пайыздық мөлшерлеменің орнына прогрессивті шкала енгізіледі. Бұл өзгеріс, ең алдымен, айына шамамен 3 млн теңгеден жоғары табыс табатын қазақстандықтарға қатысты болмақ.