
2026 жылдан бастап энергетикалық сусындарды сату талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
Жаңа өзгеріс бойынша, 21-ге толмағандарға энергетикалық сусындар сатқандарға айыппұл салынады.
Энергетикалық сусындарды сату талаптарын бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар
21 жасқа толмаған жастарға сатқаны үшін:
- Жеке тұлғаларға – 30 АЕК (129 750 теңге);
- Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК (216 250 теңге);
- Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК (346 000 теңге);
- Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК (865 000 теңге).
Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда:
- Жеке тұлғаларға – 60 АЕК (259 500 теңге);
- Шағын кәсіпкерлікке – 100 АЕК (432 500 теңге);
- Орта кәсіпкерлікке – 160 АЕК (692 000 теңге);
- Ірі кәсіпкерлікке – 400 АЕК (1 730 000 теңге).
Энергетикалық сусындарды сату туралы заңнаманы сақтамағаны үшін (басқа да талаптар):
- Жеке тұлғаларға – 15 АЕК (64 875 теңге);
- Шағын кәсіпкерлікке – 30 АЕК (129 750 теңге);
- Орта кәсіпкерлікке – 50 АЕК (216 250 теңге);
- Ірі кәсіпкерлікке – 70 АЕК (302 750 теңге).
Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда:
- Жеке тұлғаларға – 20 АЕК (86 500 теңге);
- Шағын кәсіпкерлікке – 50 АЕК (216 250 теңге);
- Орта кәсіпкерлікке – 100 АЕК (432 500 теңге);
- Ірі кәсіпкерлікке – 120 АЕК (519 000 теңге).
Еске салайық, Қазақстанда Red Bull, Gorilla, Dizzy секілді сусындар күрт қымбаттайды. Оған Салық кодексіне байланысты алғаш рет энергетикалық сусындарға 10% акциз салығы енгізілуі себеп.