Жаңалықтар

Атбасар колониясының 12 қызметкері азаптау ісі бойынша ақталды

сот судья
Атбасар колониясының 12 қызметкері азаптау ісі бойынша ақталды / фото: shutterstock

Атбасар колониясының 12 қызметкері азаптау ісі бойынша кінәсіз деп танылды, деп хабарлады Ақмола облысы сотының баспасөз қызметі.

Олар 2023 жылы тұтқындарды азаптады деп айыпталған еді. 2025 жылдың ақпан айында алқабилер колония қызметкерлерін ақтаған еді. Алайда сәуірде бірінші сатыдағы сот процедуралық бұзушылықтарға жол бергені белгілі болды. 12 адам тағы да сотталушы орындығына отырды.

«Алқабилер істі қарау қорытындысы бойынша сотталушылардың кінәсіздігі туралы шешім шығарды. Қылмыс оқиғасының болмауы және сотталушылардың кінәсіздігі туралы шешім кеңесу бөлмесінде дауыс беру арқылы қабылданды. Дауыс беруге 10 алқаби және 1 судья қатысып, әрқайсысы бір дауыстан ие. Дауыс беру кезінде артықшылық қарастырылмаған», – делінген сот хабарламасында.

Барлық сотталушылар кінәсіз деп танылды және оларды оңалту құқығы танылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

2023 жылы әлеуметтік желілерде түрме қызметкерлері дәретхананы жуудан бас тартқаны үшін сотталған адамға күш қолданған видео пайда болған еді.