Жаңалықтар

Биыл қасыңдағы адамдардың маскасы шешілетін жыл болды – Айгүл Иманбаева

«Мұны қайырлы іс деп қабылдай алу керек» деп жазды актриса / фото: instagram.com
«Мұны қайырлы іс деп қабылдай алу керек» деп жазды актриса / фото: instagram.com

Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева 2025 жыл адамдардың бетпердесі шешілген жыл болғаны туралы жазба қалдырды.

Оның пікірінше, биыл – тазару жылы. Қажетсіз адамдар әртүрлі жолмен өміріңнен кетеді.

«Иә,  биылғы жыл шынымен де қасыңдағы адамдардың бетіндегі маскасы шешілетін, шынайы жүзін көрсететін жыл екеніне әбден көзім жетті. Өкінішті… Бірақ мен алғыс айтамын. Себебі, алдыңда одан да биік белес күтіп тұр», – деген жазба қалдырды актриса.

Айгүл Иманбаеваның сөзіне қарағанда, мұны қайырлы іс деп қабылдай алу керек.  

«Жаратушы керек емес адамдарды түрлі себептермен жолыңнан алып тастайды екен. Қимайсың. Бірақ бәрі қайырлы. Тек қабылдау керек екен. Адам бір толқында болуы үшін тек даму қажет екеніне тағы да көзім жетті. Және досты да, кімді болса да таңдаңыз», – деп кеңес айтты актриса.

Мұның алдында Айгүл Иманбаева Қазақстанда дәмхана ашып, кәсіп бастаған еді.