Жаңалықтар

Ресей шабуылынан кейін Чернобыль саркофагы тесіле бастады

Чернобыль саркофагы
фото: EBRD Photostream

Чернобыльдегі АЭС-тің төртінші энергоблогындағы қорғаныш беті тесіліп жатыр. Ол 2025 жылдың басындағы Ресей соққыларынан қатты зақымданған еді. Енді тағы жаңа шабуыл болса мүлде қирауы мүмкін. Бұл жайлы Чернобыль АЭС директоры Сергей Тараканов айтты.

Таракановтың сөзінше, тіпті тікелей тимеген соққының өзі сейсмикалық тербелістер тудыруы мүмкін, ал саркофаг оған шыдай қоюы екіталай.

«Егер зымыран немесе дрон оған тура тимей, жанында жарылса, соның әсерінен шағын жер сілкінісі болуы мүмкін. Одан кейін энергоблокты жауып тұрған саркофагтың бүлінбейтініне ешкім кепілдік бере алмайды. Ең қорқыныштысы да осы», – деді Тараканов.

1986 жылғы апаттан кейін Чернобыль атом станциясындағы жарылыс орнын үлкен саркофагпен жауып тастаған. Кейін 2019 жылы сыртынан тағы да бір рет жоғары технологиялық жабынмен қаптады.

Бірақ осы жылдың ақпанындағы ресейлік дрондар шабуылынан кейін үлкен өрт болды. Сол кезде қорғаныш қабатын қалпына келтіру үшін үш-төрт жыл болады деген еді.