Келесі жылы бірқатар медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Жалақы теңге ақша айлық
Келесі жылы бірқатар медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі / Фото: Shuttertsock

2026 жылы кейбір медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарлануда. Бұл туралы Zakon басылымына Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлаған.

«2026 жылдан бастап жұқпалы аурулар қызметі мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің (фельдшерлердің) жалақысы қосымша көтеріледі. Сондай-ақ, дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп іс-қимыл жоспары әзірленіп, оған сәйкес медициналық ұйымдарда 152 полиция бекеті орнатылған.

«Сондай-ақ, 2,1 мыңнан астам жедел жәрдем фельдшерін бейнежетондармен жарақтандыру және медициналық ұйымдарда жасанды интеллект аналитикамен бейнебақылау жүйелерін енгізу және 626 қабылдау бөлімшелерінде дабыл түймелерін орнату мәселесі шешілуде», – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасағаны үшін жаза күшейеді. 17 желтоқсанда мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда қабылдаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз