Жаңалықтар

Елде қоқыс өртейтін үш зауыт салынады

Қазірге дейін келісімге қол қойылған/фото: kursiv.media

Елдегі қоқыс полигондарына жыл сайын 4,5 млн тонна қалдық жиналады. Оның 25%-ы ғана қайта өңделеді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Түкенов айтты.

«Жасыл экономика» аясында көрсеткішті жақсартуымыз керек. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен 2030 жылға қарай аймақтардағы көрсеткіш 40% болады», – дейді ол.

Сондай-ақ елде қоқысты өртейтін үш зауыт салынады. Маманның айтуынша, үш ірі шетелдік компаниямен инвестиция жөнінде келісімдерге қол қойылған.

«Келісім аясында үш ірі қоқыс өртейтін зауыт салу көзделіп отыр. Олар үш қалада Астана, Алматы және Шымкентте жүзеге асырылады», – дейді Түкенов.

Айта кетейік, Қазақстанда 2021 жылы қабылданған Экология кодексіне сәйкес тағам қалдықтарын полигонға сұрыптамай көмуге тыйым салынған