Жаңалықтар

Елордада екінші әуежай салынуы мүмкін

Елордада екінші әуежай салынуы мүмкін / Фото: Shutterstock

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

«Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, осы мәселені мұқият зерделеп, нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Жақында өткен кеңесте біз елімізде толыққанды авиахабтарды, оның ішінде елордалық әуежай базасында қалыптастыру мәселесін талқыладық. Алайда Қазақстанда авиациялық отын жеткіліксіз өндіріледі, бұл авиахабтардың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін, қазірдің өзінде де әсер етеді деп айтуға болады», – деді президент елорданы дамыту жөніндегі кеңесте.

Мемлекет басшысы Үкіметке авиаотын өндірісін ұлғайту жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Мәселені шешу жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін Алайда, президент атап өткендей, бұл ұсыныстың жағымды да, жағымсыз да жақтары бар.

«Үкімет осы мәселе бойынша өз ұстанымын белгілеп, шешім әзірлеуі қажет», – деп қорытындылады Тоқаев.

Айта кетейік, 24 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте сөз сөйлеп, бірқатар тапсырмалар берген еді.