«Ирина Қайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жапарханов әке атанды

Жарияланды 24 Желтоқсан 2025 10:10

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

«Ирина Қайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жапарханов әке атанды. Қуанышты жаңалықты Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

Музыкант жазбасында сәбиінің дүниеге келгенін қысқа жеткізді.

«Бүгін біз әке-шеше атандық. @qoqs менің жаным. 23.12.2025. 14:37. 54, 3860», – деп жазды Алдияр Жапарханов.

Желі қолданушылары мен әріптестері өнер иесін құттықтап, жылы лебіздері мен ақ тілектерін жаудырды. Көпшілік жас отбасына бақыт пен сәбиге амандық тіледі.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсаннан бастап прокатқа «Дәстүр 2» фильмі шығады.

Сондай-ақ оқыңыз