
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Руың кім» фильміне байланысты туындаған қоғамдық пікірталасқа қатысты өз ұстанымын білдірді.
Ешқандай мәселе жоқ, біз ашықпыз. Ол кісілер маған жеке шығып, Мәжіліс аясында немесе басқа жерде кездесуге дайынмын, – деді депутат.
Айта кетейік, бұған дейін «Руың кім» комедиясының сценарисі Нұржан Еркінұлы Ерлан Саировты кездесуге шақырып, киноны бірге тамашалауға шақырған еді.
Сондай-ақ Мәжіліс депутаты рушылдық тақырыбына арнайы тоқталды. Оның айтуынша, әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері бар, ал ру – қазақ халқының тарихи болмысының бір бөлігі.
Әр ұлттың өзінің ерекшеліктері болады. Ру – қазақтың артықшылығы. Алайда XIX ғасырда осы артықшылығымыз бізге қарсы пайдаланылды. Бүгінде мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін мемлекет ішінде іріткі салатын дүниелерге жол бермеуіміз керек, – деді Ерлан Саиров.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Руың кім» фильмі прокаттан алынып тасталған еді.