Kundelik-ті бұзғаны рас па – министрлік жауап берді

Kundelik порталынан жеке деректердің таралуы бойынша тексеріс жалғасып жатыр. Бірақ ақпарат әзірге расталған жоқ. Бұл жайлы ЖИ және цифрлық даму бірінші вице-министрі Коняшкин айтты.
«Әзірге тексеру жүріп жатыр. Бастапқы деректер тарады деген ақпарат расталған жоқ. Тексеріс бойынша қосымша ақпаратты біздің министрлік немесе оқу-ағарту министрлігі ұсынады», – деді Коняшкин.
Осыған дейін кейбір телеграм-арналар мыңдаған қазақстандық оқушының жеке мәліметі тарап кеткені туралы жазған. Оның ішінде 2025 оқу жылындағы оқушылардың аты-жөні, туған күні, мектебі мен сыныбы жазылғаны айтылған.
Кейінірек Оқу-ағарту министрлігі Kundelik-ті бұзу фактісі анықталмағанын мәлімеді.
«Заңнама талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда, белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қолданылады», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, «Күнделік» компаниясы деректердің сыртқа кеткенін теріске шығарып, ішкі техникалық тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.