«Самұрық-Қазына» қоры биыл 2 трлн теңге таза пайда тапқан

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының активтері 45 трлн теңгеден асты. Бұл туралы қор төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10%-ға жоғары. Қор тобының жылдық түсімі 18 трлн теңгеден асты, ал таза пайдаcы 2 трлн теңгені құраған.
Қор портфелінде жалпы құны 52 трлн теңгеге жуық болатын 130-дан астам жоба бар. Бұл жобалар энергетика, мұнай-газ химиясы, көлік және байланыс салаларын қамтиды. 2025 жылы 1,1 трлн теңгеден асатын 9 ірі жоба толық іске қосылды.
Биыл Қазақстан–Қытай іскерлік кеңесі аясында 15 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ АҚШ-та ұшақ сатып алу, локомотив шығару және спутниктік байланыс жобалары бойынша келісімдер жасалды.
Жапониямен энергетика, цифрландыру және көлік салаларында 1,5 млрд доллар көлемінде бірқатар жобалар келісілді.
Сонымен қатар қор отандық бизнесті қолдауды жалғастырды. Жергілікті тауар өндірушілерден сатып алу көлемі 2 трлн теңгеге жетіп, ішкі үлес 83% болды.
Күні кеще қордың директорлар кеңесінің құрамы өзгеріп, Алматының экс-әкімі Ерболат Досаев кеңес құрамына енді.