Астанада Жаңа жыл қарсаңында етті арзан бағаға сатып алуға болады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 26 – 31 желтоқсан аралығында «Соғым-FEST» мерекелік жаңа жылдық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Онда бес өңірдің яғни, Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының шаруалары ет өнімдерін сатады. Бұл туралы Kursiv.Media қала әкімдігіне сүйене отырып хабарлайды.

Жәрмеңке Алаш тас жолы, 35Б мекенжайындағы Keryen Joly сауда орталығының автотұрағында өтеді. Осы күндері аталған аумақта дәстүрлі қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де жұмыс істейді.

«Мұнда жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет өнімдерін, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш пен кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді тиімді бағада сатып ала алады», – делінген хабарламада.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкелер демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін ашық болады.

Қонақтардың ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағытындағы автобустар жүреді.

Бұған дейін «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі Астанада 29-30 қараша күндері ұйымдастырылатыны жайлы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз