Ташкент метросында енді жолақыны алақан арқылы төлейтін болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жолаушы алақандағы көк тамыр суреті бойынша биометриялық сәйкестендіруден өтіп, төлем жасайды / фото: видеодан кадр
Жолаушы алақандағы көк тамыр суреті бойынша биометриялық сәйкестендіруден өтіп, төлем жасайды / фото: видеодан кадр

Ташкент метросында жолақыны көлік картасы мен смартфонсыз төлеу мүмкіндігі енгізілді. Енді алақанмен төлеуге болады.

Kun.uz ақпаратына қарағанда, төлем биометриялық сәйкестендіру арқылы – қолды сканерге жақындату арқылы жасалады.

Жаңа шешімге сәйкес, метроға кіру үшін енді көлік картасы немесе смартфон қажет емес. Жолаушы алақандағы көк тамыр суреті бойынша биометриялық сәйкестендіруден өтіп, төлем жасайды.

Қазіргі таңда бұл инновациялық жүйе 49 станцияда орнатылған. Оны күн сайын орта есеппен 20-25 мың жолаушы пайдаланады. Жүйеге тіркелу рәсімі шамамен 5 минут уақыт алады. Тіркеуден метро аумағында орнатылған арнайы инфокиосктер арқылы өтуге болады.

Мамандардың пікірінше, бұл технология станциялардағы кезекті едәуір қысқартып, жолаушы уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ал Алматы метро желісі қаланың барлық ауданын қамтитын шеңбер түрінде тартылатыны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз