Жаңа рекорд: алтын мен күміс күрт қымбаттады

Жарияланды 24 Желтоқсан 2025 09:44

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
зергерлік бұйымдар күміс білезік қазақ ұлттық қолөнері
фото: shutterstock

24 желтоқсанда алтын бағасы адамзат тарихында алғаш рет 4520 долларға дейін көтерілді. Бұл уақытта күміс құны да 72 доллардан асып, жаңа рекорд тіркеді.

Бағалы металдар бағасының көтерілуіне әлемдегі геосаяси жағдай әсер етіп жатыр. Әсіресе, АҚШ пен Венесуэла арасындағы жанжал өршіп бара жатқан тұста инвесторлар капиталды сақтап қалу үшін алтын мен күмісті көптеп сатып ала бастады. Соның салдарынан баға күрт көтерілді.

Алтын айналдырған төрт күннің ішінде шамамен 200 долларға қымбаттады. 24 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 9:30-дағы мәлімет бойынша алтынның бір унциясы 4 497,54 доллардан саудаланып жатыр. Күмістің осы уақыттағы бағасы – 72,36 доллар.

Алтынның кейінгі бес жылдағы бағасы қалай құбылғанын білгіңіз келсе, Kursiv.Media материалын оқыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз