
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жетісуда прокуратура қызметкерлері ұсталғанын растады. Әңгіме Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының Жетісу облысы бойынша қызметкерлеріне қатысты болып тұр.
«ҚазАқпарат» мәліметіне сүйенсек, ҰҚК аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастаған. Алайда комитеті Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде, соның ішінде Telegram мессенджерінде Тәуелсіздік күні қарсаңында аталған ведомство қызметкерлерін ұстау және қамауға алу туралы ақпарат пайда болған еді.
Айта кетейік, қыркүйекте Бас прокуратурада бірқатар аумақтық прокурорлардың ротациясын жүргізген еді.