Жыл қорытындысы: Дзюдошы Әбиба Әбужақынова – әлемдік рейтингте көшбасшы

Дзюдодағы спорт маусымы аяқталды. Биылғы маусымды қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова өз салмағында әлемдік рейтингтегі көшбасшы ретінде аяқтады, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.
2025 жылдың әлемдік турында соңғы сайыс Токиодағы Grand Slam сериясының турнирі болған. Алайда оған Қазақстан командасы қатысқан жоқ. Дегенмен команданың бұл додаға қатыспауына қарамастан, Әбиба Әбужақынова көшбасшылығын сақтап қалды.
Жыл соңында Қазақстан активінде 5 096 ұпай бар. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды алады.
Бұл ретте біздің дзюдошылардың ешқайсысы топ-10-ға кіре алмады. Үздік ондыққа ең жақын Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) және Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) болды, олар 14-орынға жайғасты.
Биыл Әбиба Әбужақынова Будапештте (Венгрия) әлем чемпионатына күміс медаль жеңіп алды.