Сауда министрі отбасында Жаңа жылдық дастарқанға қанша ақша жұмсалатынын айтты

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Жаңа жылдық дастарқанында басты тағам – ет болатынын айтты. Министр мерекелік кешкі асқа шамамен 100–120 мың теңге ақша жұмсалатынын айтады.
«Басты тағам – бешбармақ. Әйелім дайындалады. Белгіленген лимит бар. Мен сауда министрі ретінде базарға өзім барамын, саудаласамын. Бұл – қалыпты нәрсе», – деді Шаққалиев мәжіліс кулуранда.
Журналистердің «сатушылар сізге жеңілдік жасай ма?» деген нақтылау сұрағына министр күліп жауап берді:
«Әрине. Кішкентай жеңілдіктер бар, 5 пайыздай, әрі кетсе 10%. Барлығы таңдалған өнімге байланысты. Сапалысы қымбатырақ. Бірақ тұрақты клиент болған соң жеңілдік жасайды, кейде бағаны төмендетіп береді», – деді ол.
Министрліктің есеб бойынша, қазақстандықтардың Жаңа жылдық дастарқанға жұмсайтын орташа сомасы – 73 мың теңге. Алайда Шаққалиевтің отбасында бұл сома одан да жоғары болмақ.
«Біздің отбасымыз үлкен, сондықтан 100–120 мың теңге шамасында болады деп ойлаймын. Осы бюджетке сүйенеміз», – деді Сауда министрі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Курсив» басылымы 2025 жылы Қазақстанда Жаңа жылдық дастарқанның құны 68 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін 2 мың теңгеге қымбаттағанын хабарлаған.
Осыған дейін Kursiv Lifestyle аста-төк дастарқансыз, қонақ шақырмай өтетін отбасылық жаңа жыл кеші жайлы жазған болатын.