6 жасар қызды өлтірген алматылық өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Алматыда ер адам үш адамға шабуыл жасап, олардың екеуін өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат«.
Алматы қалалық сотының хабарлауынша, ол әйел мен оның 6 жасар қызын өлтіргені үшін кінәлі деп танылған.
Қайғылы оқиға осы қыркүйекте болған. Ер адам өзінің танысын, оның кішкене қызы мен анасын соққыға жыққан.
Соттың хабарлауынша, әйел ауруханада ашық ми жарақатынан, бас сүйегінің сынуынан және миға қан кетуден қайтыс болған. Бала ауыр соққылардың нәтижесінде ауруханада есін жия алмай қайтыс болды.
Қайтыс болған әйелдің анасына бірнеше ота жасалып, аман қалды.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Үкім әлі күшіне енген жоқ.
Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталып, жазасын өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны атап өтілді.