70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды – Тоқаев

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаевтың пікірінше, әрбір саммит, жоғары деңгейдегі әр кездесу, бизнес-форум еліміздің халықаралық беделін арттырып, экономикалық әлеуетін күшейтеді / Фото: Ақорда
Тоқаевтың пікірінше, әрбір саммит, жоғары деңгейдегі әр кездесу, бизнес-форум еліміздің халықаралық беделін арттырып, экономикалық әлеуетін күшейтеді / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл халықаралық кездесулердің нәтижесінде жалпы құны 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылғанын мәлімдеді.

«Қазақстан көршілермен және барлық мүдделес мемлекеттермен дәйекті түрде достық қарым-қатынас пен жан-жақты ынтымақтастық орнатып келеді. Біздің мақсатымыз – айқын. Ол – елдің егемендігін нығайту, Қазақстанның қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін міндеттерді шешу», – деді президент.  

Оның пікірінше, әрбір саммит, жоғары деңгейдегі әр кездесу, бизнес-форум еліміздің халықаралық беделін арттырып, экономикалық әлеуетін күшейтеді. Қазір бүкіл әлемде инвестиция үшін қызу бәсеке жүріп жатыр.

«Бізге бұдан қалыс қалуға болуға болмайды. Орталық Азиядағы және Кавказ аймағындағы экономикасы ең ірі ел саналамыз. Алайда Үкіметке сапалы өсімді қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Үкімет пен Ұлттық банк өзара келісе отырып, қазіргідей күрделі, тіпті, ерекше жағдайда академиялықтан және әсіресақтықтан ада, нақты шешім қабылдауы қажет», – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, тек биылдың өзінде халықаралық кездесулердің нәтижесінде жалпы құны 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылған. Соның арқасында елімізде заманауи кәсіпорындар ашылып, сапалы жұмыс орындары құрылып жатыр.

Мұның алдында Тоқаев Астананы дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз