Алмасбек Садырбаев 2026 жылдың наурызына дейін қамауда отырады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Садырбаев 2024 жылдың қарашасында ұсталған/фото: ашық дереккөзден, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Алмасбек Садырбаев 2026 жылдың наурызына дейін қамауда отырады. Бұл туралы адвокат Анар Құсайынова мәлімдеді.

Садырбаевқа қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша қозғалған.

Қонаевтың тергеу сотының судьясы Алмасбек Садырбаевты қамауда ұстау уақытын тағы екі айға, 2026 жылдың 5 наурызына дейін ұзартқан.

Бұған дейін іс бойынша тергеу аяқталғаны айтылды. Адвокаттың сөзінше, қорғау тарабына қылмыстық іс материалдары толық көлемде берілмеген.

Садырбаев не үшін ұсталды?

Алмасбек Садырбаев 2024 жылдың қарашасында ұсталған. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ол Балқаш, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Ұйғыр және Кеген аудандарында шаруа қожалықтарымен бірлесіп кооператив құрған. Уақ малдың аналық басын көбейтуге және жемшөп шығындарын өтеуге субсидиялар алған. Алайда ол кооперативке қосқан қожалықтардың жайылым жері болмаған.

Дей тұрғанмен кооператив басшылығы атынан жалған кадастрлық нөмірді көрсетіп, субсидияға өтініш бере алғаны айтылды. Қашықтан өтініш бергенде кооператив басшылығының ЭЦҚ-кілттерін қолданған. 

Оның өтініші мақұлданып, мемлекеттен 1,2 млрд теңге көлемінде субсидия ала алған. 

Сондай-ақ оқыңыз