Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина жүрек тебірентерлік жазба жариялады
Жарияланды

Қазақстанның халық әртісі, актер Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Марқұм әкесіне деген сағынышын, перзенттік махаббатын әсерлі сөздермен жеткізген.
«Әкем… Жүрегімнің ішінде жүрегі. Сізді сөзбен жеткізу қиын. Сағыныш үнсіз, бірақ жүректе ауыр. Амал дәптері әрдайым ашық болсын. Алла жаныңызды жәннатқа кіргізсін, иманыңыз саламат болсын. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын. Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз…» – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, аты аңызға айналған Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 89 жасқа қараған шағында қайтыс болды. 23 желтоқсан күні Алматыда қалың жұртшылық абыз актерді ақтық сапарға шығарып салды.