
26 желтоқсан күні All Stars Entertainment ұйымының басты жекпе-жегінде қазақстандық Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық Тимур Никулинмен жұдырықтасады. Бокс кеші Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы Humo Arena аренасында өтеді.
Еркебулан Токтар – Тимур Никулин арасындағы бокс кездесуі 26 желтоқсанда, шамамен Қазақстан уақытымен 19:00-ден кейін басталады.
Еркебұлан Тоқтар – актер, ММА жауынгері және боксшы
Лақап аты: Актер
Жасы: 30
Туған жері: Қазақстан
Бойы: 180 см
Салмақ дәрежесі: 77,5 кг
Еркебұлан Тоқтар – танымал актер, боксшы әрі ММА жауынгері. Octagon лигасының BMF чемпионы. Микс-файтта 2021 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, қазіргі рекорды – 11 жеңіс, 3 жеңіліс, оның ішінде 6 жекпе-жек қатарынан жеңіспен аяқталған.
BMF белбеуін Еркебұлан 2025 жылдың ақпанында Камариддин «Камил Карате» Хасановты техникалық нокаутпен жеңу арқылы иеленді. Ал соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың тамызында өткізіп, Фарзад Гадериді екінші раундта мерзімінен бұрын ұтты.
Бокс ережесі бойынша Тоқтардың әзірге бір ғана жекпе-жегі бар. 2022 жылдың желтоқсанында Амир Яраниді төртінші раундта нокаутқа түсірген.
Айта кетейік, Еркебулан Тоқтар кино саласында да кеңінен танымал. «Арлан. Шешуші раунд» (2025), «Научи меня жить» (2023), «Бишарашки в Таиланде» (2024) сынды фильмдерде басты және маңызды рөлдерді сомдаған.
Бұған дейін, желіде Еркебұлан Тоқтар блогер Ақбота Нұрақынмен бірге көңіл жарастырып жүргені туралы пікірлер көбейді.