Жаңалықтар

Ерлі-зайыптылар бір-бірінің шотындағы ақшаны қалай тексере алады

Ерлі-зайыптылар бір-бірінің шотындағы ақшаны тексере ала ма / Фото: Серікжан Қобыланбаев

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Сенатта ерлі-зайыптылар бір-бірінің шоттарындағы қаржыны анықтай алатынын айтты.

Журналист Шолпанқұловтан ажырасу кезінде не істеу керектігін сұрады. Мысалы, ерлі-зайыптылар мүлікті бөлгісі келсе, алайда олардың бірінде банкте шот бары анықталса, «банктік құпия мәселесі» пайда болады. Егер Конституциялық сот банкке құпияны ашуды туралы шешім шығаратын болса, Ұлттық банк мұны қолдай ма деген сұрақ туындады.

«Біріншіден, әрбір азаматтың өз шотына ие болуы – конституциялық құқығы және салымдарды сақтау құпиясы екенін атап өткім келеді. Тиісінше, неке жағдайында немесе неке шарттары бар, бір-біріне ашық жария ететін келісім бар болуы мүмкін. Ал сіз айтқан жағдайда, әрине, бұл сот шеңберіндегі өтініш немесе сот шешімі болса, мүлікті бөлу шеңберінде қарастыру үшін сол ақпаратты беруді талап ете алады», – деді Шолпанқұлов.

Демек сот арқылы ерлі-зайыптылар бір-бірінің банктік шоты туралы мәліметтерді ашуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 51,4 мың неке қиылып, 21,5 мың ажырасу тіркелген.