«Халық саны жетпейді»: PlayStation неге Қазақстанда ашылмай жатыр

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Казахстану не хватает игроков для отдельного региона PlayStation - Минцифры
фото: ашық дереккөзден

Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Қазақстанда PlayStation Network (PSN) толыққанды аймағы мен Sony ресми сервистерінің әлі күнге дейін неге жоқ екенін түсіндірді. Айтуынша, бұған басты себеп – елдегі халық санының аздығы.

Вице-министрдің сөзінше, Sony компаниясы Қазақстанды жеке аймақ ретінде бөліп, өз сервистерін ресми түрде қосуы үшін елдегі қолданушылар саны жеткіліксіз. Ал нақты қанша қолданушы қажет екені білу үшін компанияның өзіне тікелей сұрау салуды ұсынды.

Осы жылы қарашада PlayStation-да қазақстандық карталармен төлем жасау мүмкіндігі пайда болды, бірақ толыққанды аймақ әлі де ашылған жоқ.

«Қазірдің өзінде қазақстандық банктік карталарды қолдануға болады ғой? Бұл мәселе 7 жылдан астам уақыт бойы шешілмей келгенін білетін шығарсыз. Біз қазір мемлекеттік аппарат ретінде бәріміз жұмылып, қазақстандық карталарды пайдалануға мүмкіндік бердік. Бұл керемет емес пе! Бұл өте жақсы жаңалық!», — деп бөлісті вице-министр.

Қазақстандағы тұтынушылар PlayStation Store-ға тіркелуге рұқсат ала алмай отырғаны жайлы мәселе былтырдан бері көтеріліп келеді. Сол кезде ЖИ министрі Жаслан Мадиев Жапонияға сауал жібергенін, әзірге жауап келмегенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз