Педагогика – 2025 жылы түлектер ең көп таңдаған мамандық

2025 жылы педагогикалық мамандықтар инженерлік бағыттарды басып озып, Қазақстандағы талапкерлердің басты таңдауына айналды.
2025-2026 оқу жылында педагогика ғылымдары саласындағы бағдарламаларға әрбір төртінші талапкер немесе барлық оқуға тапсырғандардың 25,4% түсті. Ал инженерлік, өңдеу және құрылыс бағыттарын бірінші курс студенттерінің 16,3% таңдады.
Танымалдығы бойынша үшінші орынды бизнес, басқару және құқықпен байланысты мамандықтар иеленді – 14,1%. Сондай-ақ, талапкерлердің 11,3%-ы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына тапсырып, салаға тұрақты қызығушылық сақталды.
2025 жылы қанша ЖОО мен студенттер бар
Оқу жылының басында Қазақстанда барлығы 116 жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 678,1 мың студент оқиды. Олардың жартысынан көбі қыз балалар (52,5%).
Биылғы оқу жылында ЖОО-ға 208,9 мың адам қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,7%-ға артық.
Мемлекеттік және жеке жоғары оқу орындары
Студенттердің жартысына жуығы мемлекеттік жоғары оқу орындарында (49,9%), тағы 49,5% – жекеменшік, 0,6% – шетелдік білім беру ұйымдарында оқиды. Бұл ретте жоғары оқу орындарының 42,2%-ы мемлекеттік меншікте, 56%-ы жеке меншікте, тағы екі жоғары оқу орны шетелдік меншік нысанына жатады.
Оқу тілі және жасы
Студенттердің көпшілігі, яғни 65,6% қазақ тілінде білім алады. 24,8% орыс тілінде оқыса, тағы 9,6% шет тілдеріндегі бағдарламаларды таңдады.
Жас құрамы бойынша студенттердің негізгі бөлігі 17-20 жас аралығындағы жастар (69,5%). Бұл ретте жоғары білім беру жүйесінде 15 жастағы 25 студент, сондай-ақ, 40 жастан асқан 11,8 мыңнан астам адам бар.
Жатақханалар және шетелдік студенттер
Бір өңірден бір қалаға келген студенттер саны 364,5 мың адамды құрады. Оның ішінде 115,6 мың студентке жатақхана қажет, оның 95,3 мыңы ғана жатақханаға орналасқан.
Шетел азаматтарының арасында Қазақстан жоғары білім алуды көбінесе Түркіменстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан және Ресейден келген студенттер таңдайды.
Магистратура, докторантура және резидентура
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар саны өсуде.
- Магистранттар – 42 613 адам, оның 54,7% әйелдер.
- Мемлекеттік тапсырыс бойынша 48,6%, ақылы негізде – 47,8% білім алуда.
- Резиденттер – 9 631 адам, 62,8% әйелдер.
- Докторанттар – 9 491 адам, оның 61% әйелдер. Оның ішінде 9 036 адам PhD бағдарламасы бойынша оқиды.
Оқуды бітіргендер мен оқудан шыққандар
Өткен оқу жылында ЖОО-дан 63,3 мың студент оқудан шығарылды. Ал оқуды бітіргендер саны 152,8 мыңнан көп.