
2025 жылғы желтоқсанда 956 бас ірі қара Қазақстанға жеткізілді. Буаз сиырлар Алматы халықаралық әуежайына қонып, Талғар ауданындағы зауытқа орналасты. Бұл туралы Kursiv.Media Алматы облысы әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Сүтті сиырлар Дания мен Ресейден келді. Көрші елден алынған 443 бас ірі қараның 152-сі «Голштин-Фриз», ал 291-і «Джерси» асыл тұқымды сиыры. Даниядан қосымша 513 бас ірі қара алынды: 161 бас «Джерси», 352 бас «Голштин-Фриз».
Талғардағы кооператив асыл тұқымды сиыр сатып алу үшін жеңілдікпен 3,5 млрд теңге кредит туырлаған.
Қазір зауытта 2,6 мың бас асыл тұқымды ірі қара бар. 2025 жылғы қаңтар-қазан айларында кәсіпорын 7 420 тонна сүт өндірді. Бір сиыр орташа есеппен 4 230 келі сүт берді, яғни бір тәулікте әр сиырдан шамамен 14 литр сүт алынған.
Естеріңізге сала кетейік, үкімет 2026 жылды мал шаруашылығын дамытуға арнайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қарашада осындай тапсырма берген.