Жаңалықтар

Бүгіннен бастап Tele2 мен Altel тарифтері қымбаттады

Tele2 қызметкерлері
фото: shutterstock

2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Tele2, Altel байланыс операторларының тарифтері шамамен 20%-ға қымбаттады. Екі брендтің де қожайыны – «Мобайл Телеком-Сервис» бағаның көтерілуін қызмет көрсету шығындарының өсуімен, салықтың қымбаттауымен түсіндірді.

Қай тариф қалай қымбаттайды

Мобильді байланыс операторларының кейбір қосымша қызметтері 15 желтоқсанда қымбаттап кеткен. Ал 25 желтоқсаннан бастап бірнеше тариф бағасы көтерілді. Олар:

тариф атауыжаңа бағақымбаттайтын күн
Сенің ережелерің 6390 ₸ 7 290 ₸/30 күн 25 желтоқсан
Сенің ережелерің 5590 ₸ 6 590 ₸/30 күн 25 желтоқсан
Ерекше тиімді 5490 ₸ 6 490 ₸/28 күн 25 желтоқсан
Ерекше тиімді 5190 ₸ 5 990 ₸/30 күн 25 желтоқсан
Сенің ережелерің 4890 ₸ 5 690 ₸/30 күн 25 желтоқсан

Бұған қоса, компания 25 желтоқсаннан бастап кейбір тарифте «Күнделікті пакет» бағасын көтерді.  Бұрын ол 340 теңге болса, қазір 390 теңге тұрады.

26 желтоқсаннан бастап тағы бірнеше тариф қымбаттайды. Олар:

тариф атауыжаңа бағақымбаттайтын күн
Тиімді 6590 ₸ мұрағатты7 290 ₸/30 күн26 желтоқсан
Тимді Промо 2590 ₸ 3 390 ₸/30 күн 26 желтоқсан
Тимді 2590 ₸ 3 390 ₸/30 күн 26 желтоқсан
Бәрін ауыстыр 1890 ₸ 2 590 ₸/30 күн 26 желтоқсан
Бәрін ауыстыр Промо 1890 ₸ 2 590 ₸/30 күн 26 желтоқсан
Бірыңғай 1790 ₸ 2 590 ₸/30 күн 26 желтоқсан

27 және 28 желтоқсанда тағы бірнеше тариф қымбаттайды. Енді Tele2 шексіз интернет тарифін 11 490 теңгеге сатады. Бұған дейін тарифтің мұндай түрі 6 290 теңге тұратын.

Beeline мен Kcell бағаны 2026 жылдың басында көтеруді көздеп отыр. Бұл уақытта Starlink спутниктік интернет, керісінше, бағаны түсіріп жатыр.

Бұған дейін депуттар байланыс операторларының тарифті көтеруін тексеруді талап еткен. Парламенттегілер жағдайды өзгерту үшін «нарыққа жаңа қатысушыларды кіргізіп, бәсекені арттыру қажет» деп есептейді.