Жаңалықтар

UFC Асу Алмабаев пен Шавкат Рахмоновқа допинг тексеріс жүргізді

Шавкат Рахмонов Асу Алмабаев
фото: instagram

UFC ұйымы қазақстандық файтерлер Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевты кезекті допинг-бақылаудан өткізді. Бұл туралы спортшылардың допинг сынамаларын тұрақты түрде қадағалап отыратын UFC Drug Testing Watch аккаунты Х әлеуметтік желісінде хабарлады.

Мәліметке сәйкес, жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов үшін бұл 2025 жылдағы төртінші тексеріс болып отыр. Ал аса жеңіл салмақта (flyweight) бақ сынайтын Асу Алмабаев жыл басынан бері алтыншы рет допинг тест тапсырған.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.

Ал Асу Алмабаев жуырда ғана, 22 қарашада, октагонға шығып, АҚШ өкілі Алекс Пересті қылқындыру әдісімен жеңіп, кезекті сенімді жеңісіне қол жеткізді.