
Жаңа жылдық гирляндалардың денсаулыққа қауіпті болып шықты. Олар бас ауруынан бастап ұстамаға дейін қоздыруғы мүмкін.
VM ақпаратынша, гирляндалардың жиі жыпылықтауы көзге және жүйке жүйесіне кері әсер етіп, эпилепсия ұстамасын қоздыруы мүмкін. Әсіресе секундына үш реттен жиі жыпылықтайтын гирляндалар аса қауіпті.
Дәрігер-офтальмолог Дмитрий Сагоненко фотосезімтал эпилепсиясы бар адамдар үшін жыпылықтаған жарық негізгі қоздырғыш болатынын айтады. Сондай-ақ мұндай жарық бас ауруын, ашушаңдықты және ұйқының бұзылуын тудыруы мүмкін.
Алайда сапалы әрі сертификатталған гирляндалар көзге тікелей зиян келтірмейді. Ал тексерілмеген өнімдер инфрақызыл немесе ультракүлгін сәуле шығарып, көз торына зиян тигізуі ықтимал.
Былтыр Алматы қаласы безендіру шараларына 800 млн теңге жұмсаған еді.