Жаңа жылда оқу ақысы қымбаттай ма

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова «жаңа жылда университеттерде оқу ақысы қымбаттай ма?» деген сұраққа жауап берді.
«Ақылы бөлімдегі оқу құнын белгілеу жоғары оқу орнының құзыретіне жатады. Алайда уәкілетті орган әдетте жоғары оқу орындарына қазіргі экономикалық жағдайды ескеріп, соған сай оқу құнын орташа деңгейде белгілеу жөнінде ұсыныс береді. Өткен жылдарға қарасақ, оқу ақысының өсуі өткен жылмен салыстырғанда 5-7 пайыздан аспаған», – дейді Көбенова.
Сөзінше, биыл да ғылым және жоғары білім министрлігі ұсыныс жасауы мүмкін. Алайда бұл мәселе әлі талқыланбаған.
Бұған дейін Қазақстанда Үндістандағы сот ғылымдары ұлттық университетінің филиалы ашылатыны хабарланды. Министрлік Оңтүстік Кореяның ғылым және технологиялар институтымен (KAIST) жаңа оқу орнын ашуға да келісті.