
Азаматтық авиация академиясы мен Азаматтық авиа комитетінің бұрынғы басшысы Бекен Сейдахметов «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Сейдахметов Бекен Канелұлын Қоғамның Басқарма төрағасы қызметіне тағайындау туралы хабарлайды», – делінген хабарламада.
Сейдахметов 2019 жылғы тамыздан бастап Азаматтық авиация академиясының ректоры болды. Оған дейін 2017 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасындағы Үкіметаралық комиссиясы тұрақты хатшылығының Тұрақты өкілдігінің басшысы (Ұлттық хатшысы) болды. Одан бұрын 2011 жылдан бастап азаматтық авиация комитетінің (КГА) төрағасы болған еді. Ригадағы азаматтық авиация институтын тәмамдаған.