Жаңалықтар

Бақтияр Артаев жетекшілік ететін Қызылорда жылдың үздік спорт өңірі атанды

фото: Қызылорда облысының спорт басқармасы

Қызылорда облысы Қазақстан спорты тарихында тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді. Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен жыл қорытындысына арналған дәстүрлі «Үздік премия – 2025» салтанатты іс-шарасында Қызылорда облысы «Жылдың үздік спорт өңірі» атанды.

Салтанатты кеш барысында өңір намысын қорғап жүрген үздік спортшылар мен бапкерлер де жоғары марапатқа ие болды. Грек-рим күресінен 26 жылдан кейін тарихи жетістікке жеткен балуан Айдос Сұлтанғали «Жылдың үздік спортшысы» аталымын иеленді. Ал оның бапкері Ғабиден Райымбек «Жылдың үздік жаттықтырушысы» номинациясымен марапатталды.

Бүгінде Қызылорда облысының спорт басқармасына Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев басшылық етеді.