
6 желтоқсан Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар мен бокс ережесі бойынша Өзбекстанның басты жұлдыздарының бірі Тимур Никулинді 1-раундта нокаутпен жеңді.
Ташкенттегі Humo Arenaда бокс кешінде қазақстандық әуесқой спортшы қарсыласын 1 минут 20 секунд ішінде жеңді.
Жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы өзбек және қазақ халқын бірлікке, әрдайым бауыр болуға шақырды. және Gold лақапатымен танымал өзбекстандық спортшы Шахзод Узаковты келесі жекпе-жекке шақырды.
Еркебұлан Тоқтардың бүгінгі қарсыласы – «Архангел» лақап атымен танымал Тимур Никулин. Кәсіби бокста да, жалаң жұдырық жекпе-жектерінде де өзін дәлелдеген спортшы еді.
2025 жыл Еркебұлан үшін табысты өтті. OCTAGON лигасында екі жекпе-жекті де нокаутпен аяқтады. Ақпанда тәжікстандық Камариддин Хасановты (Камил Карате) төртінші раундта тоқтатып, BMF белбеуін жеңіп алды. Тамызда ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.