Жаңалықтар

Еркебұлан Тоқтар – Тимур Никулин: жекпе-жектің тікелей трансляциясы

фото: instagram

Бүгін, 26 желтоқсан Өзбекстан астанасы Ташкентте қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар ММА-дан тыс ең ірі әрі ең даулы жекпе-жегін өткізбек. OCTAGON лигасының BMF белбеуінің иегері Еркебұлан Тоқтар бокс ережесі бойынша Өзбекстанның басты жұлдыздарының бірі Тимур Никулинге қарсы шаршы алаңға шығады.

Өзбекстанда қазақстандық спортшыға деген қызығушылық ерекше. Менеджер Зия Алиевтің араласуымен қысқа уақыт ішінде тарихи жекпе-жек ұйымдастырылды. Айқас Ташкенттегі ең ірі спорт алаңдарының бірі – 12 500 көрерменге арналған Humo Arenaда өтеді.

Тимур Никулин – өңірдегі танымал файтерлердің бірі

Еркебұлан Тоқтардың қарсыласы – «Архангел» лақап атымен танымал Тимур Никулин. Кәсіби бокста да, жалаң жұдырық жекпе-жектерінде де өзін дәлелдеген спортшы.

Никулиннің жалпы рекорды: 22 жеңіс, 6 жеңіліс, 2 тең нәтиже.
Бокс ережесі бойынша көрсеткіші: 9 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс.

Соңғы бес жылда Тимур Никулин Ресейде жарқын медиа-файтер ретінде танылып үлгерді:

  • Hardcore Boxing лигасының чемпионы атанды
  • Hype Reality шоуының алғашқы маусымын жеңіп алды
  • Харун Бозиев, Ибрагим «Никархо» Исламов, Давид Хачатрян, Владислав «Белаз» Ковалёв секілді танымал поп-MMA өкілдерін жеңді

Өзбектердің шамына тиген Еркебұлан Токтардың формасы қандай?

2025 жыл Еркебұлан үшін табысты өтті. OCTAGON лигасында екі жекпе-жекті де нокаутпен аяқтады. Ақпанда тәжікстандық Камариддин Хасановты (Камил Карате) төртінші раундта тоқтатып, BMF белбеуін жеңіп алды. Тамызда ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.

Енді Тоқтар үшін бұл жекпе-жек – бокс рингіндегі беделін дәлелдеудің маңызды сәті болмақ.

Турнир уақыты мен кард

Турнирдің басталуы: 18:00. Негізгі кард: 21:00. Кештің басты жекпе-жегі Еркебұлан Тоқтар – Тимур Никулин шамамен 22:00-де басталады.

Тікелей трансляция

Еркебұлан Тоқтар – Тимур Никулин жекпе-жегінің тікелей трансляциясына арналған сілтемелер турнир басталар алдында жарияланады.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Еркебұлан Тоқтар блогер Бота Миамен бірге «көңіл жарастырып жүр» деген сыбыс тараған еді.