«Ирина Қайратовна» жасанды интеллект көмегімен жаңа бейнебаян ұсынды

Жарияланды 26 Желтоқсан 2025 15:03

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: скрин

«Ирина Қайратовна» тобы жасанды интеллект (ЖИ) технологиясын пайдаланып түсірілген жаңа бейнебаянын көрерменге ұсынды. Топ CENTRAL ASIA атты жаңа әні мен клипін YouTube платформасына жүктеді.

Жаңа бейнебаянда Орталық Азия халықтарының, соның ішінде қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық болмысы кеңінен көрініс табады. Клип мазмұны тек аймақтық мәдениетпен шектелмей, адамзат тарихын әлемдік контекспен байланыстыратын символикалық фрагменттерге толы.

Бейнежұмыста заманауи кино мен компьютерлік ойын кейіпкерлеріне ұқсас образдар да кездеседі. Сонымен қатар клипте Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі де жасанды интеллект арқылы визуалды элемент ретінде енгізілген.

Еске сала кетейік, «Ирина Қайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жапарханов жақында сәбилі болғанын жариялаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз