
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) Қостанай мен Қызылорда қаласының әуежайына әуе отын бағасын негізсіз көтергені үшін айыппұл салды.
БҚДА аймақ әуежайларындағы отын бағасына қатысты тексеру жүргізді. Тексеріс нәтижесінде Қостанай және Қызылорда әуежайлары әуе отынын қымбатқа сатқаны анықталды.
Қостанай облысындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы халықаралық әуежай үстем жағдайын теріс пайдаланған. Сот шешімімен әуежайға жалпы сомасы 16,6 млн теңге айыппұл салынды.
Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата әуежайына да осындай шара қолданылды. Әуежайға 7,3 млн теңге айыппұл салынып, 2,5 млн теңге көлеміндегі табыс тәркіленді. БҚДА нұсқамасына сәйкес әуе отын бағасы 780 мың теңгеден 533 750 теңгеге дейін төмендетілді.
Бұған дейін Қызылорда әуежайы Вьетнам компаниясының басқаруына берілмейтіні хабарланған.