Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» 500 млн долларға еурооблигацияларын кері сатып алды

Венгрия хотела бы покупать больше нефти из Казахстана
ҚМГ еурооблигацияларын кері сатып алды /Фото: КМГ, бильд-редактор: Милош Муратовский

«ҚазМұнайГаз» ұзақ мерзімге шығарылған еурооблигацияларының бір бөлігін мерзімінен бұрын сатып алып, оған шамамен 500 млн доллар жұмсады. Бұл туралы компанияның KASE-ге жолдаған хабарламасында жазылған.

Операция барысында:

  • 250 млн доллар көлемінде 2047 жылы өтелуі тиіс облигациялар;
  • 249,8 млн доллар 2048 жылға дейін өтелетін облигация қайтарылды.

Инвесторларға бұрын есептелген, бірақ төленбеген пайыздар толық аударылған. Оған әр шығарылым бойынша шамамен 2 млн доллар жұмсалған.

Қайта сатып алынған облигациялар жойылып, айналымнан алынды. Ал қалған облигациялар нарықта айналып жүр: 2047 жылғы – 1 млрд доллар, 2048 жылғы – 1,25 млрд доллар.

Компания бұл шешімді қарыз портфелін оңтайландыру мақсатында, директорлар кеңесінің шешімімен қабылдағанын атап өтті.

Биыл «ҚазМұнайГаздың» юаньдағы облигациялары АІХ биржасында саудалана бастаған.