Жасанды интеллекті меңгеру мемлекеттік қызметкерлерге міндетті болады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Вице-премьер әрі жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллект уақыт өте келе мемлекеттік қызметкерлерге міндетті дағдыға айналатынын айтты.

Жылдық қорытынды есебінде министр мәселеге жеке тоқталды.

«Уақыт өте келе жасанды интеллект курсын оқу мемлекеттік қызметкерлерге міндетті болады. Яғни, азаматтар жасанды интеллект курсынан өтпесе немесе ол дағдыны меңгермесе, мемлекеттік қызметте еңбек ете алмайды. Әлем алға кетіп барады. Біздің мемлекеттік қызмет бәсекеге қабілетті, тиімді болуы керек», – деді ол.

Бұған дейін, Google жасанды интеллектінің Gemini моделін қазақ тілінде жақында іске қосқан. Gemini-дің қазақ тіліндегі интерфейсі веб-нұсқада қолжетімді. Ол үшін пайдаланушылар Google аккаунтының баптауларында қазақ тілін таңдауы қажет. Алдағы уақытта Android және iOS жүйелеріне арналған нұсқаларды қолдау, сондай-ақ Gemini Live сервисін іске қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз