Қарағанды-Алматы трассасында Шымкентке баратын жолаушылар автобусы тоқтап қалған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
13 жолаушының үшеуі – балалар / фото: polisia.kz
13 жолаушының үшеуі – балалар / фото: polisia.kz

Қарағанды – Алматы трассасының 530-шақырымында Шымкентке баратын жолаушылар автобусы жүре алмай, тоқтап қалған.

Полиция ақпаратына қарағанда, бұған қолайсыз ауа райы себеп болған. Қарағандыда полицейлер автобустағы 13 жолаушыға көмек көрсеткен.

«Облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері автобусты байқап, жолаушыларға бірден көмек көрсетті. Анықталғандай, қатты аяздың салдарынан дизель отыны қатып, көлік сапарын жалғастыра алмаған», – делінген хабарламада.

13 жолаушының үшеуі – бала. Полицейлер жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізген.

Былтыр Ақмола облысында автобус бұзылып, 65 шетел азаматы қар құрсауында қалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз