Қостанай облысында қатты аяздан сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды

Қостанай облысының бірқатар қалалары мен аудандарында бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды
Kazinform агенттігінің ақпаратынша, бұған қолайсыз ауа райы түрткі болып отыр.
26 желтоқсанда аязға байланысты Рудный қаласында 0–11 сынып оқушылары, ал Лисаковск қаласында 0–9 сынып оқушылары бірінші ауысымда онлайн оқуға көшті.
Сонымен қатар қатты аяз бен желге байланысты облыстың басқа да аудандарында қашықтан оқыту енгізілді.
Қарабалық ауданында ауа температурасы − 28°С, желдің жылдамдығы – 5 м/с болған. 1-9 сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Жітіқара ауданында 1–11 сыныптардың бірінші ауысымдағы сабақтары қашықтан өткізіледі.
Арқалық қаласында бірінші ауысымдағы 1–11 сынып оқушылары үшін күндізгі сабақтар тоқтатылып, оқу қашықтан форматта ұйымдастырылды.
Әулиекөл ауданында бірінші ауысымдағы 1–11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Алтынсарин ауданында 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Амангелді ауданында 26 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0–4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Аталған шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғаны атап өтілді. Сабақтардың әрі қарайғы форматы ауа райы жағдайына байланысты қосымша хабарланатын болады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан өңірлерінде ауа райының нашарлайтыны туралы ескерткен болатын.