Ресей кепілдік берсе, Қазақстан Байқоңырдан улы зымырандарды ұшыру мерзімін ұзартады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
​​General news бөлімінің тілшісі
Протон Байқоңыр
Ресей кепілдік берсе, Қазақстан Байқоңырдан улы зымырандарды ұшыру мерзімін ұзартады / shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Қазақстан СІМ Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығыштарын ұшыруды ұзартуды қолдайды, бірақ Ресей экономикалық және экологиялық кепілдік беруі қажет.Бұл туралы жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Олжабеков баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Олжабековтың айтуынша, ресейлік тарап ұшыру мерзімін ұзарту туралы ұсыныс жасады, өйткені сынақтарда 2026 жылдың соңына дейін аяқтауға мүмкіндік жоқ. «Протондар» өндірісі тоқтатылды, бірақ қоймаларда онға жуық дайын зымыран қалған.

«Белгілі бір себептерге байланысты, осы кезге дейін зымырандардың келісілген мөлшері ұшырылып біткен жоқ. Алайда келісілген сынақтардың саны сақталадыы. Барлық сынақтар аяқталмағандықтан, уақытты ұзарту қажет», – деп түсіндірді вице-министр.

Экономикалық пайда

Вице-министр сынақ мерзімін ұзарту экономикалық тиімді шешім ретінде қарастырылатынын атап өтті: Байқоңыр қосымша тапсырыс алады, ал қазақстандық компаниялар сынаққа қызмет көрсетуге қатысу мүмкіндігіне ие болады.

«Егер осыған дейін ресейлік кәсіпорындар өз бетінше жұмыс істесе, қазір біз қазақстандық кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеуді талқылап жатырмыз. Бұл тікелей экономикалық қызығушылық», – деді ол.

Экологиялық тәуекелдер

Олжабековтың айтуынша, «Протон-М» улы отын – гептилді пайдаланады, сондықтан Қазақстан қосымша экологиялық зерттеулерді талап етеді.

«Мұнда да белгілі бір шарттарды қоямыз, дәлірек айтсақ, қосымша тексерулердің қажеттілігі туралы айтамыз. Сондықтан, қазір әріптестермен қосымша тексерулер сынақ кезінде де, зымыраннан бөлінетін блоктардың құлау аймағын анықтайтын боламыз», — деді вице-министр.

Ол бұған дейін барлық тарихи зымырандарды ұшыруға талдау жасалғанын және Экология министрлігінің ресми қорытындысы бойынша, тіпті блоктардың құлау және бөліну орындарында — штаттық және апаттық ұшыруларда — асимметриялық диметилгидразиннің (гептилдің) іздері табылмағанын атап өтті.

Шешім әлі қабылданған жоқ

Сонымен қатар, вице-министр мерзімді ұзарту туралы түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын атап өтті.

«Әзірге мәселе 100% шешілген жоқ. Біздің тарапымыздан мен тізімдеген шарттар қазірдің өзінде белгіленген. Кейбір сәттерді егжей-тегжейлі талқылауды жалғастырамыз. Келіссөздер аяқталғаннан кейін қосымша хабардар етеміз, бірақ тұтастай алғанда министрлік табиғи себептермен мерзімді ұзартуға мүдделі», — деп қосты ол.

Қалған зымыранарды не істейді

Олжабеков қалған 10 зымыранның бір бөлігі белгіленген мерзімде, ал қалғандары келісімшарт ұзартылған жағдайда ұшыруды жоспарлап отырғанын қосымша түсіндірді.

«Қазірдің өзінде бұл қандай бағдарламалар болатынын түсіну керек. Бұл орбиталық станция блоктары мен ауыр ғарыштық байланыс аппараттары», – деп қорытындылады Олжабеков.

Неліктен Қазақстан мен Ресей»Протон-М» ұшыруды тоқтатуға келісті

«Протон-М» 1960 жылдардан бері жұмыс істейді және ең қуатты ресейлік зымыран тасығыштардың бірі. Алайда ол отын ретінде улы зат – гептилді пайдаланады. Бұл ретте оны ұшыру үшін жалғыз орын – «Байқоңыр» ғарыш айлағы.

Бірқатар апаттардан кейін Қазақстан мен Ресей 2015 жылы 2026 жылдан кейін ұшыруды тоқтатуға келісті, ал Ресей тарапы экологиялық таза «Ангара» зымыранына көшетінін жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы қарашаның аяғында Байқоңыр ғарыш айлағының ұшу алаңы қатты зақымданған. Сол кезде мамандардың кейбірі айлақты жөндеуге екі жылдай уақыт керек екенін айтқан.

9 желтоқсанда Kursiv.Media Союз ғарыш кемесі Жезқазған маңына қонғаны туралы жазып, суреттер жариялаған.

Сондай-ақ оқыңыз