«Таптым-ау сені 3»: Дариға Бадықова халықтан кешірім сұрады

Жарияланды 26 Желтоқсан 2025 09:46

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова жаңа фильмі «Таптым-ау сені 3» туралы әзіл-қалжың аралас жазба жариялап, көпшіліктің назарын тағы да аударды. Бұл жолы да киноны ауылда түсіргенін жасырмай, көрерменнен қалжыңмен «кешірім сұрады».

«Тағы да ауылда кино түсірдік! Не дейін енді? Өздеріңіз айтыңыздаршы?!
Бізде бәрі шынайы. Көрермен «Таптым-ау сені 3» түсірілді. Бұйыртса, 26 наурызда шығады», – деп жазды Бадықова.

Актриса сонымен қатар DBO production командасымен бірге түсірілген әзіл видеода:

«Тағы да бір ауылда 5 актермен, 2 локацияда кино түсіріп, миллиард жинауға ниеттенгеніміз үшін кешірім сұраймыз», – деп қалжыңдады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова түсірген «Таптым-ау сені» мен «Ыстық ұя» фильмдері қазақ киносы тарихындағы ең көп касса жинаған туындылардың көшін бастаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз