Доллар тағы да 500 теңгеден төмен түсті

Жарияланды 26 Желтоқсан 2025 15:59

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар теңге
фото: shutterstock

Демалыс күндерге арналған ресми доллар бағамы мәлім болды. KASE мәліметінше, 1 доллар 504,60 теңге тұрады. Дәл осы бағаны Ұлттық банк (ҰБ) ресми бағам деп белгілейді.

Дегенмен қазір Қазақстан қор биржасында доллар 500 теңгеден төмен бағаға саудаланып жатыр. Астана уақытымен сағат 15:40-тағы мәлімет бойынша, 1 АҚШ доллары 498.85 теңге тұрады.

Жұма күні қор биржасындағы валюта саудасында 412 млн долларға валюта саудасы жасалды. Соған қарағанда, ҰБ ұлттық валютаны нығайту үшін «айналау», яғни интервенцияның бір түрін жүргізіп жатқан болуы керек.

Елдегі валюта айырбастау мекемелерінде де доллар арзандады. Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында 1 доллар 500 теңгеден қабылданып, 505 теңгеден сатылып жатыр. Астанада, әдеттегідей, бағам сәл жоғары – 500 және 507 теңге.

Сондай-ақ оқыңыз