«Не кукарекать»: ЛГБТ белсендісі депутат Еділ Жаңбыршинді сотқа берді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
депутат Еділ Жаңбыршин ЛГБТ белсенді Виталий Воронов
коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Әхтәм Зиперов

ЛГБТИК+ белсендісі Виталий Шевченко Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршинді сотқа берді. Арызды Астана қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қабылдап, сот отырысы өтетін күнді белгіледі.

«Не кукарекать» деген

Сотқа шағым түсірген Шевченко парламент өкілі оның ар-ұжданына тиіп, іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп есептейді. Соған байланысты белсенді депутаттан кешірім сұрауды талап етті.

Істі судья Айгүл Аяпбергенова қарайды. Алғашқы сот отырысы 2026 жылғы 14 қаңтарда сағат 15:00-де өтеді. Соттың осы іске қатысты анықтамасы әлеуметтік желілерде таралды. Онда судья Ерденова бұған дейін тараптарды татуластыруға тырысқаны, бірақ оның бұл әрекетінен түк шықпағаны айтылған.

Шевченконың айтуынша, татуласуға депутат та, оның адвокаты да келмеген – Жаңбыршин қазір жұмыс бабымен басқа қалада жүр.

«Мен оны [Жаңбыршинді – ред.] балағаттамадым, арандатпадым. Бар болғаны гомофия салдарынан 6-11 сыныптарда буллингке ұшыраған жеке өмірімді баяндап бердім. Ал ол маған «не кукарекать» деп жауап берді», – деп Жаңбыршин шектен шықты ма?

«Бұл оқиға – жеке басымның ғана мәселесі емес, шенді адамның осылайша шектен шығуына жол беруге болмайды», – деп мәлімдеді шағым иесі.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ЛГБТ насихатына тыйым салуды көздейтін заң жобасын парламенттен өткізуге атсалысқан адамдардың бірі. Заң шығарушы орган қабылдаған құжат президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол қоюға жолданғаны мәлім. Заң күшіне енсе, ЛГБТ насихаты ғана емес, түрлі-түсті ойыншыққа да тыйым салынуы мүмкін.

Бұған дейін депутат өзінің «гетеросексуал» екенін жариялап, желіде ЛГБТ белсенділерімен айтысқан.

Заң жобасын талқылау барысында Жаңбыршин ЛГБТ өкілдері депутаттарға ақпараттық шабуыл жасады деп мәлімдеген. Ал оның алдында тағы бір депутат Ринат Зайыт ЛГБТ өкілдерін «жексұрын» деп атаған.

Сондай-ақ оқыңыз