Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн кемі 10 жылға сотталуы мүмкін

Оңтүстік Кореяның арнайы прокуроры экс-президент Юн Сок Ёльді өзін қамауға алуға кедергі жасағаны үшін 10 жылға соттауды сұрады. Бұл туралы Reuters жергілікті Yonhap агенттігі мәліметіне сүйене отырып таратты.
Бір жыл бұрын Оңтүстік Кореяда әскери жүйе орнатуға талпынып, осы әрекеті салдарынан биліктен қуылған Юн қазір қамауда отыр. Оған бірнеше ауыр айып тағылған. Әзірге арнайы прокурор көптеген айыптың ішінде біреуіне ғана түрме жазасын сұрап үлгерді.
2025 жылғы қаңтар айында Юн президент резиденциясы аумағына бекініп, оны ұстауға келгендерді бірнеше мәрте кіргізбей қойған. Полиция оны 15 қаңтарда ғана ұстап, тергеу бюросына жеткізген.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның басында прокуратура осы елдің бұрынғы бірінші ханымы Ким Гон Хиді 15 жылға соттауды сұрады. Ол әуелі қымбат бренд заттары үшін сынға қалып, кейін жемқорлыққа қатысты күдікке іліккен.