Жаңалықтар

Үш облыста жолдарға шектеу қойылды

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 626 арнайы техника жұмылдырылып отыр / shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 626 арнайы техника жұмылдырылып отыр / shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

26 желтоқсанда 3 облыста республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған.

«ҚазАвтоЖол» ақпаратына қарағанда, бұған ауа райының бұзылуы түрткі болып отыр.

Абай облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автомобиль жолының 971-1013 шақырым аралығы, яғни Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін жабық.

Шығыс Қазақстан облысында аталған жолдың 1013-1062 шақырым аралығы, яғни Абай облысының шекарасынан Рубеж бекетіне дейін шектеу бар.

Жетісу облысында  «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы – Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін шектеу қойылған.

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 626 бірлік арнайы техника жұмылдырылып отыр.

Мұның алдында Қызылорда облысында ауа райына байланысты жол жабылған еді.