ҰҚК цифрлық қауіпсіздік саласында жаңа өкілетке ие болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы қаулыға қол қойды.
Соған сәйкес жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің кей функциясы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осылайша, ҰҚК ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
ҰҚК берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес жасанды интеллект министрлігінің құқықтық мирасқоры болады;
Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, қажетті заңнамалық түзетулер әзірлеуді, Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шара қабылдануын қамтамасыз етеді.
Бұған дейін президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы қызмет құру туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа бөлімше қызметіне сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел тыңдаулар жүргізу, айғақтарды тәркілеу, қаржы құжаттарымен жұмыс істеу, банктерге сұрау салу, қажет болған жағдайда халықаралық ынтымақтастық орнату кіреді.